Сәуір айының соңында Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Атмосфералық фронттардың әсерінен сәуірдің соңы мен мамырдың басында республиканың солтүстігі, орталығы және шығыста түнде жаңбыр жауып, қарға ұласуы мүмкін. Республиканың өзге аймақтарында бұршақ пен жаңбыр күтіледі. Оңтүстік аймақта шаңды дауыл болады», делінген хабарламада.
Ауа температурасы төмендеп, солтүстік пен солтүстік-батыста 1-7 градус, шығыста 10 градусқа дейін үсік жүреді.