Бүгін Астанадағы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін «Нұрлы жол» теміржол вокзалында жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Теміржол вокзалының қоршауында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», делінген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың хабарламасында.
Іс-шараның мақсаты - жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл ден қою, терроризм актісінің салдарын азайту және жою жөніндегі міндеттерді орындауға дайындығын тексеру.