• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Сәуір, 2023

Александр Бублик Мадридтегі турнирдің үшінші айналымына өте алмады

247 рет
көрсетілді

Қазақстан теннисшісі Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Екінші айналымда отандасымыз әлемдік рейтингте 7-орында тұрған даниялық Хольгер Рунадан жеңіліп қалды.

Екі сағат бес минутқа созылған кездесу 1:6, 6:4, 6:7 (9:11) есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Мадридтегі жарыстың жалпы жүлде қоры 7 705 780 еуро.

Соңғы жаңалықтар