• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экология 29 Сәуір, 2023

Елордада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр

512 рет
көрсетілді

Бүгін елордада «Жасыл Астана» экологиялық айлық аясында  жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бүгін қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың ұжымдары өз аумағында ағаш отырғызып, қоқыс жинайды, сондай-ақ су айдындары маңын тазартады.

Еске сала кетейік, экологиялық айлық 8 сәуір күні алғашқы көктемгі коммуналдық сенбілікте ашылған. Еңбек ұжымдарының, қала тұрғындарының күшімен полигонға 555,58 тонна қалдық шығарылды. Жалпы ауданы 2,5 млн шаршы метрден асатын саябақтар мен скверлерді жинау, ағаш отырғызу жүргізілді. Іс-шараға аудандық әкімдіктер, коммуналдық қызметтер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері белсенді қатысты.

«Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы 6 мамырға дейін жалғасады. Оның аясында Астанада қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және қаланың белсенді тұрғындарын жұмылдыра отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбілік өткізіледі.