• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Теннис 30 Сәуір, 2023

Мадридте жолдары болмады

156 рет
көрсетілді

Испаниядағы «WTA 1000» және «ATP 1000» санатындағы «Мастерс» жары­сына қатысқан Қазақстан теннис­шілері сәтсіздікке ұшырап, турнир­дің екінші айналымынан әріге аса алмады.

Ерлер арасындағы бәсекеде жарыс жолына шыққан Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екінші айналымда әлемнің жетінші ракеткасы даниялық Хольгеру Рунемен шеберлік байқасып, үш сетке жалғасқан тартысты матчта – 1:6, 6:4, 6:7(9:11) есебімен жеңіліп қалды. Бәсеке екі сағат бес минутқа созылды.

Ал қыздар арасындағы ел үздігі – Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 62-орында тұрған 24 жастағы ресейлік Анна Калинскаяның осал тұсын таба алмады. Бұл кездесу де үш сетке жалғасып, ресейлік теннисші 5:7, 6:4, 2:6 есебімен басым түсті. Сонымен қатар Юлия Путинцева франциялық Каролин Гарсиядан (5-орын) екі сетте жеңілсе (3:6, 4:6), жұптық сындағы отандасымыз Анна Данилина мажарстандық Тимеей Бабошпен бірге Марте Костюк (Украина) пен Елене Рузе (Румыния) жұбына жол берді – 4:6, 6:4, 10:12.