• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Шілде, 2014

Индустриялық жобалар бақылауға алынды

218 рет
көрсетілді

Биылғы бес айдың әлеу­меттік-экономикалық дам­у­ көрсеткіштері көңіл тоғайт­­­қанымен, атқарар жұмыс аз емес. Өткен жылдың са­лыстырмалы кезеңінен көрсет­­кіш­тер жоғары. Өнеркәсіпте 433,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. ҮИИБ бойынша биыл 17,5 млрд. теңгеге 13 жоба қолға алынды. Елбасы жуырда өңір­ге жасаған жұмыс сапарында аталған бағдарлама аясында жү­зеге асырылған жобалардың кейбірі толық қуатына енбегенін сынға алған болатын. Осы ретте аймақтағы жұмысы ақсап тұрған төрт жобаны жүзеге асыру барысы қатаң бақылауға алынды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану шаралары күшейтіледі. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаев облыстық мәслихаттың сессиясында мә­лімдеді. Депутаттар алдында баяндама жасаған облыс әкімі ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемінің 53 млрд. теңгені құрап, мал басының айтарлықтай өскенін, егістік алқабының 56 мың гектарға артқанын жеткізді. Тұрғын үй саласындағы меже 112 пайызға орындалып отыр. Жыл соңына дейін 340 мың шаршы метр бас­пана пайдалануға беріледі. Әрине, сын да бар. Әсіресе, жол сапасына қатысты айтылып жатқан сынның орынды екенін жеткізген аймақ басшысы жол жөндеуге 5 млрд. теңге бөлінгенін айтты. Семей – Қалбатау, Пав­­­лодар – Семей, Алматы – Өскемен бағыттарындағы жолдардың құры­лысы ойдағыдай жүріп жатыр. Өскемен – Риддер мен Өскемен – Зырян бағыт­тарындағы жолдар жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Сессияда, сондай-ақ, Зырян, Курчатов, Рид­дер және Серебрянка қалала­рын дамытудың 2013-2015 жыл­дарға арналған кешен­ді жос­пары, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл бағдар­лама­сының өңірімізде жүзеге асырылу барысы талқыланды. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Өскемен.