• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Бокс 02 Мамыр, 2023

Бүгін Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев рингке шығады

1043 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін қазақстандық Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев рингке шығады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Астана уақытымен сағат 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Сағындық Тоғамбай өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы 86 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Конго өкілі Натан Нланду Мбелимен шеберлік байқасады.

Ал сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/32 финалда бақ сынайды. Оның қарсыласы – израильдік Ахмад Штиви.

Әлем чемпионаты Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Айбек Оралбай (92 келі) Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.