• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 02 Мамыр, 2023

Өткен жылы азық-түлік өндірісі 3,9% өскен

468 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісінің көлемі 3,9% өсіп, 2,9 трлн теңге болды. Бұл ретте азық-түліктің негізгі түрлерін, өсімдік майы, ұн, макарон өнімдері, жарма, шұжық өнімдері мен қантты өндіру бойынша өсім байқалады.

«Өндірісі төмендеген бірқатар өнім бар. Олар негізінен сүт өнімдері: сары май, сүт, ірімшік және сүзбе, ашытылған сүт өнімдері. Көкөністердің негізгі түрлері бойынша біз ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеміз. Мысалы, 2022 жылы 4,1 млн тонна картоп, 621 мың тонна сәбіз, 1,1 млн тонна пияз және 551 мың тонна қырыққабат өндірілді», деді Е.Қарашөкеев

Қыс-көктем мезгілдерінде сақтау қуаттылығының жетіспеуіне байланысты нарықта отандық көкөністер ұсынысының төмендеуі байқалады. Бұл нарықта импорттық өнімнің өсуіне және маусымаралық кезеңде бағаның өсуіне әкеледі.   «Бұл мәселенің шешімі - көкөністерді сақтау қуатын арттыру. Бұл отандық өнімнің бір бөлігін маусымаралық кезеңде сақтауға және сатуға мүмкіндік береді. Өнімнің тауарлық сипатын сақтай отырып ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы жабдықтары бар заманауи қоймаларды салу кезінде инвестициялық салымдарды өтеу үлесін 25%-дан 50%-ға дейін арттыру жүргізіліп жатыр», деді Ауыл шаруашылығы министрі.