Өткен демалыс күндері футболдан ел кубогінің 1/8 финал матчтары өтіп, жарыстың ширек финалына жолдама алған 8 команда белгілі болды.
Кубок ойындарының плей-офф кезеңінде бірқатар тосын нәтиже тіркелді. Атап айтқанда, былтырғы ел чемпионатының күміс жүлдегері «Ақтөбе» сырт алаңда «Атырау» командасынан ойын соңындағы пенальти сериясында жеңіліп, турнирден шығып қалды. Ал Ақтаудың «Каспийі» Бірінші лигада доп тебетін «Тұраннан» айласын асыра алмады. Ширек финалға «Атырау» мен «Тұраннан» бөлек, «Астана», «Тобыл», «Ордабасы», «Қайрат», «Қызылжар» және «Шахтер» командалары жолдама алды.
17 мамырға жоспарланған ширек финалдың бірінші матчында «Астана» – «Тұран», «Атырау» – «Қайрат», «Ордабасы» – «Қызылжар», «Шахтер» – «Тобыл» клубтары кездеседі. Қарымта матч 7 маусымда өтеді.