Дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Еуропо кубогінде отандастарымыз жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облысы спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Грузияда өтіп жатқан Еуропа кубогіне 16 елден 300-ден астам спортшы қатысып, бақ сынасқан. Дзюдошы Гүлдана Теңелбаева +70 салмақ дәрежесінде бақ сынап, күміс жүлдегер атанды. Спортшы қырғызстандық қарсыласына есе жіберіп алған.
Сондай-ақ 60 келіде белдескен Қанат Нұргелді Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды.