• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Мамыр, 2023

ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын кәсіпкерге 5 млн теңге қарыз болған

336 рет
көрсетілді

ШҚО-да коммуналдық кәсіпорын кәсіпкерге 5 млн теңгеден астам сомадағы борыштық міндеттемелерді орындамаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкердің өтінішін облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау жөніндегі жұмыс тобы қарады. Өз өтінішінде кәсіпкер «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғалары 2022 жылдың қыркүйегінен бастап кәсіпкер алдындағы 5,4 млн теңге сомасындағы мемлекеттік сатып алу шарты бойынша борыштық міндеттемелерін орындамағанын көрсеткен.

Тауарды жеткізуші кәсіпкер шарт бойынша барлық міндеттемелерді толық орындаған, бұл екі тарап қол қойған тауарды қабылдау-беру актісімен расталады.

Бұл іске ANTIKOR, облыстық прокуратура мен «Атамекен» ӨКП араласқаннан кейін көтерілген мәселе бойынша жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Нәтижесінде, «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорны тауар жеткізуші алдындағы қарызын толық төледі.