Швейцарияның Ньон қаласында футболдан әйелдер арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы турнирінің топтық кезеңге арналған жеребесі тартылды.
УЕФА Атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Жарыс 2024 жылғы Париж Олимпиадасы мен Еуропа және әлем чемпионаттарының іріктеу кезеңдері ретінде өтеді.
Жаңа формат әйелдер арасында 2025 жылғы Еуропа чемпионатында алғаш рет қолданылады. 2023 жылдың күзінен бастап жаңа жүйе УЕФА Ұлттар лигасы мен Еуропа іріктеу кезеңін біріктіреді. Жарыс ережесі бойынша ұлттық құрамалар дивизиондар арасында ауысады (жоғарылайды немесе төмендейді), сонымен қатар Ұлттар лигасының финалдық кезеңін сарапқа салады.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда біздің қыздар Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі. Ұлттар лигасы турнирінің матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады.