Грекияның бас шаһары – Афинада өткен тректегі велоспорттан халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы 8 жүлдеге ие болды. Оның бесеуі алтын, екеуі күміс, біреуі қола. Додада ел намысын 5 спортшы қорғады.
Мәселен, кейрин бағдарламасы бойынша ерлер арасындағы бәсекеде ел чемпионы, Токио олимпиадасына қатысушы Сергей Пономарев алдына жан салмай, халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Ал спринттегі сайыста ұлттық құраманың өкілі Андрей Чугай топ жарса, Сергей Пономарев қола жүлдеге ие болды.
Омниум жарысында Рамис Дінмұхамедов алтын, Артём Захаров күміске қол жеткізсе, дэдисоннан топтық жарыста Артём Захаров пен Рамис Дінмұхамедов мәре сызығын бірінші болып кесті. Сондай-ақ топтық жарыста Артём Захаров жеңіс тұғырынан көрінсе, скретч бойынша күміс медальге ие болды.