• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау 04 Мамыр, 2023

«Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

Бақыт Омаров «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚДБ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, ол бұған дейін ҚДБ-ның аналитика бағытындағы басқарушы директоры лауазымын атқарған еді.

Енді жаңа қызметінде Бақытжан Омаров тәуекел менеджменті мен бизнес-процестер бағытына жетекшілік етеді.

Б.Байділдәұлы 1977 жылдың 28 сәуірінде дүниеге келген. Алматы экономика және статистика институтын «экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қаржы секторында 20 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, оның 15-інде Қазақстанның даму банкінде еңбек етті.

ҚДБ-дегі еңбек жолын 2008 жылы бас тәуекел-менеджер қызметінен бастады. 7 жылдам астам уақыт кредиттік блокта жұмыс істеп, 2019 жылдың сәуірінен басқарушы директор болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар