Синоптиктер республиканың 11 облысында ауа райы күрт бұзылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысының орталығында, батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ беті қатып, сынап бағаны -1 градусқа дейін төмендейді.Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл болады деп болжанады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Қызылордада шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2 градусқа дейін төмендейді. Облыстың орталық бөлігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.
5 мамырда түстен кейін Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17-22 м/с, күндіз Жалаңашкөл ауданында 28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың басым бөлігінде сынап бағаны -1-6 градусқа дейін төмендеп, күн суық болады. Талдықорғанда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде сынап бағаны -1-3 градусқа дейін төмендеп, күн суық болады.
Ұлытау облысының оңтүстігінде күндіз шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны -2 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп болжанады.