• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Мамыр, 2023

Азаттықтың ақтаңгері

447 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік ұғымын, жалпытүріктік идеяны ту етіп ұстап, қазақ халқының болашағына алаңдаған біртуар тұлғалардың қатарында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреа­ты, ұлт-азаттық қозғалыстың зерттеушісі, журналист Хасан Оралтайдың есімі ерек аталады. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Хасан Оралтай және ел тәуелсіздігі үшін қызмет етудің құндылығы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция қайраткер тұлғаның туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Жиынды­ Ш.Уәлиханов атын­да­ғы Тарих және этнология инс­ти­тутының директоры, ҰҒА кор­рес­пондент-мүшесі Зия­бек­ Қабылдинов ашты. Бүгінде шар­та­­рапқа шашылған қазақ халқы қай­ елде тұрса да өзінің тілі мен ділін, мәдениеті мен салт-дәстүрін жаһан­дық кеңістікте жұтылып кету­ден­ көздің қара­шығындай қорғап келе­ді. Осы орайда шетелдерде тұрып жат­қан­ қазақтардың бай дәс­түрі мен мұрасын бір орталыққа жинас­­тырып, арнайы мұражай ашып берсек, деген ұсы­нысын жеткізген Зиябек Қабыл­­­динов осы бағыттағы ғы­лы­­ми жұмыстарға жас­ ғалым­дар­ды­ тарту мақсатында ғылы­ми қы­з­меткерлер Қуаныш Мұрза­ход­жаев пен Елдос Сауыр­қанға Хасан Орал­тай атындағы стипендияны табыс етті.

Алқалы жиынға арнайы жол­­дан­ған Ақпарат және қоғам­дық­­ даму министрі Дархан Қы­дыр­­әлі­нің­ құттықтауын «Қазақ­ газеттері» ЖШС­ Бас директорының орын­­ба­сары – Алматы қаласы басы­лым­­дарының жетекшісі Думан Анаш­ оқып берді. Хасан Қалибекұлы – хал­қы­­­мыздың күрес­ке толы сан қилы­ тағдырын қала­мына арқау ет­кен­­ парасаты­ биік тұлға. Оның зерт­теу мақалалары мен ғылыми еңбектері – ел тарихынан хабар беретін құнды мұра. Қайрат­кер қаламынан туған қайталанбас туын­дылар еліміздің өткені, бүгіні және­ болашағымен ұш­та­­сып, өске­лең­ ұрпақтың тарихи­ сана­сы­ның қалып­тасуына септігін ти­гізері сөз­сіз. Мұстафа Шоқай жо­лын жал­ғас­тырған алашшыл аға­мыз журна­лис­тика саласында ұзақ жылдар бойы­ жемісті жұ­мыс­ істеп, ұлттық мәсе­лелерді кө­те­ріп,­ қажырлы қыз­мет­ атқарды. Оның баспасөздегі есе­лі еңбегі әр­дайым жоғары баға­ланады. Хасан Оралтайдың есімі­ ел тари­хын­да лайықты орын алып, ел­шіл­­ тұлғаның жарқын бей­несі ұ­р­пақ жадында мәңгі сақ­талады. Атау­лы мерейтой құр­метіне ұйым­дас­тырылып жат­қан­ «Хасан Орал­тай және ел тәуел­сіздігі үшін­ қызмет етудің құнды­лы­­ғы» ат­ты­ халықаралық ғылыми-прак­­ти­ка­лық конференция – со­ның­ айқын дәлелі» делінген құт­тық­тау­да.

Хасан Оралтай Түркия жерінде де өз мақсатын жүзеге асыра білді. Қазақтар туралы көлемді мақа­ла­­­лары газет беттерінде жариялан­ды.­­­ Шетелдегі қазақтардың ты­ныс­­-тірлігін зерттей бастайды. Сали­­хли қаласына орналасқаннан ке­йін қоғамдық істерге, саяси қоз­ға­­лыстарға араласты. 1968 жылы Мюнхендегі «Азат­­тық» радиосына қызметке тұрып, зейнет жасына дейін еңбек етті. Оның жеті жылында Хасан Орал­тай Қазақ бөлімінің басшысы­ болды.

Ғалымдар бас қосқан алқалы жиын­­да жазушы, кинодраматург­ Сма­ғұл Елубай «Ақпараттық со­ғыс­­ немесе ұлтшылдық пен ұлт­­­сыз­­дық хақында» баяндама­сын­да қай­раткер есімін, аруа­ғын­ ардақ­та­уы­мыздың бас­ты­­ себебі Мұстафа Шо­қа­й­дың ізін басқан, ісін жал­ғас­тыр­ған қайраткерлігімен тығыз бай­ла­нысты, деп атап өтті.

Саналы ғұмы­рын­ жай күрес емес, қазақ деген­ халық­тың азат­ты­ғы жолына,­ Алаш аза­мат­­тары үнін шетел бас­па­сө­зінде және «Азаттық» раиосы арқылы жет­кі­з­­уге тер төкті. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің алдыңғы ше­бін­де жүрді, – деді жазушы.

Ал академик Мәмбет Қой­гел­ді­ ­«Түр­кістан тұтастығы идея­сын­­ жал­­ғастыратын рух керек. Жаһан­дық­­­ қауіп-қатерлерге Орталық Азия­­ халықтары біріккенде ғана қар­­­сы тұра алмақпыз» дей келіп, елі­­­мізде Хасан Оралтайдай азаттық ту­ын­­ өрге ұстаған қайраткер тұлға­ға­­­­ ескерткіш қою туралы ұсыныс тас­­­­тады.

– Қазақ­ халқының өркениет биі­гіне шы­ғуын­ арман­да­ған қай­рат­­­кер тұлға әсіре­се­­ жас­тардың өз­ тарихын білгенін ар­ман­да­ды. Да­мыған елдермен қанаттас тұра­ бі­ліп, тарихи танымын өзіне таны­ту­­ды мақсат етті. Олардың рухын жыл­дар бойғы үрейден арылту қа­же­т деген арманы да қазақ деген ел­дің болашағы үшін маңызды еді, – деп­ атап өтті филоло­гия ғылым­да­рының докторы, профессор­ Мекем­тас Мырзах­мет­ұлы.

 – Хасан Оралтаймен алғаш рет 1979 жылы Мюнхенде бағ­дар­­ла­ма­лық талдау бөлімінде жұ­мыс­­ іс­­тей бастағанда кездестім. Ха­сан­­ды­ қазақ тіліне, оның ішін­де­ Гер­ма­­ниядағы қазақ диас­по­р­а­сы­ның­ мү­­шелеріне деген адал­дығы үшін­ бір­­ден бауыр басып кеттім, – деді ес­те­лігінде «Азаттық» радио­сы­ның­­­ бұрынғы директоры Чарльз Карлсон.

ЕҰУ профессоры, филология­ ғылымдарының докторы Тұрсын Жұрт­­бай: «Өзінің саналы­ ғұ­мы­рын­ Алаштың азаттығы жолына арна­­ған тұлғаның өмірі тәуелсіздік құн­­дылықтарымен, игіліктерімен сабақ­­тасып жатты. Өр десең – Өр, Алтай десең – Алтайдай асқар азамат болатын», деп толғанды.

Қайраткер өмірінің азаттық жо­лын­­дағы күресі бүгінгі жастарға үлгі­­-өнеге. Оның отаншылдығы, на­­мыспен астасып жататын талап­шыл­­дығы артында қалған жазба мұ­ра­ларында анық көрініс береді. Туыс­тарының атынан сөз алған қай­рат­кердің бауыры Әбілбашар Ілияс­ұлы да тарихи тұлғаның іргелі­ істеріне тоқталды.

Десек те, арманы, мүддесі ұлты­ның­ жарқын келешегімен үндескен Хасан Оралтай батыс Германияның Мюн­хен қаласында 28 жыл бойы «Азат­тық» радиосындағы қазақ редакциясында қызмет етті. Мақсат-мүддесін қазақ елінің тәуелсіздігі мен дербестігіне арнады.

– «Азаттық» радиосы қазақ елі­нің тәуелсіздігі жылдар бойы ба­тыл пікірлерді әуе толқынында та­ратты. 1995 жылдың басында­ Мюн­хеннен Чехия астанасы Прага қала­сына көшкен «Азаттық» ра­диосын орналастыруға атса­лы­сып, Қазақстаннан келген ма­ман­дар­­­ға көп нәрсені үйретті. Оның аманаты: Жыл сайын Мұстафа Шоқай тура­лы хабар дайындап, азаттық жо­лындағы күресін, іске асыра ал­маған идея­сын тыңдарманның құ­лағына жеткізіңдер. Шығыс Түр­кістандағы Оспан батырдың ұлт-азаттық үшін күресін, елі үшін айқа­сып өткенін, айуандықпен өлті­рілгенін елдің есіне салып,­ ха­бар беріп тұрыңдар. Алашорда үкі­метінің құрылған күнін, қазақ­ мемлекетін құрып, соның қалып­та­суына жанын сала күрескен Әли­хан Бөкейханұлы бастаған қай­рат­керлерді еске алуды­ ұмыт­паң­дар, – деп еске алды­. Филосо­фия,­ саясаттану және дінтану инс­ти­­тутының бас сарапшысы Саясат Бейісбай.

Хасан Оралтайды еске алу шарасы ғалымдардың зерт­теу­лері, естеліктерімен әрі қарай жалғасын тауып, рухына құран бағышталып, ас берілді. Алматы қаласындағы «Өжет» ықшамауданында Хасан Оралтай атына көше беріліп, Астана театрындағы қойылымға ұласты.