• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Мамыр, 2023

Казино заңгері пара бергені үшін сотталды

358 рет
көрсетілді

2 мамырда Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері пара бергені үшін сотталды. Сондай-ақ ол жиырма есе мөлшерде айыппұл төлейтін болды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикордың мәліметінше, ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешіп бергені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.

«Сотталған мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», делінген хабарламада.