• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Мамыр, 2023

Италияда әйгілі субұрқақтың суы қара түске боялды

404 рет
көрсетілді

Италиядағы бір топ климат белсендісі экологияға назар аударту мақсатында әйгілі Рим субұрқағы Фontana dei Quattro Fiumi (Төрт өзен субұрқағы) суына ағаш көмір қосылған қара сұйықтық құйған, деп хабарлайды Egemen.kz CNN-ге сілтеме жасап.

Белсенділердің айтуынша, адамзатты «осы судай қап-қара» болашақ күтіп тұр. Қызғылт сары кеудеше киген белсенділер субұрқақтың ішіне кіріп тұрған. Бұған қоса бар қызғылт сары түсті баннерлер де ілінген.

Бұл Италиядағы басқа да тарихи орындарда, соның ішінде Римнің орталығындағы Испан баспалдақтарындағы Баркачча субұрқағында наразылық шерулерін жүргізген климат белсенділері болуы мүмкін деген болжам бар.

Белсенділерді полиция тұтқындап, оларға қоғамдық ескерткішке зиян келтірді деген айып тағылды.

Айта кетейік, Римдегі әйгілі Пьяцца Навонада орналасқан Фьюми субұрқағын 1651 жылы италиялық мүсінші Джан Лоренцо Бернини жасаған.