Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл қызметке Сапар Сатаев тағайындалды. Бұған дейін ол Приозерск қаласын басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, Сапар Сатаев еңбек жолын 2002 жылы бастаған.
«Қазақавтодор» РМК-да директордың орынбасары және «Ботақара су қожалығы» КМК директорының міндетін атқарушы болды.
2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Әкім ретінде Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылын басқарды.