• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Мамыр, 2023

Елордада өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген үлескерлер шағымданып жүр

265 рет
көрсетілді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандардың үлескерлерімен кездескенін хабарлады деп жазады Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. «Зере-2», «Араби 2 - Гранитный 2», «Мирный дом», «Коргалжинский квартал» секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар да бар», деді елорда әкімі.

Оның айтуынша, кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып барады, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге мүлде қонымсыз.

«Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар мұны қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар», деді Жеңіс Қасымбек.