Әлеуметтік желіде Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановтың Ұлыбритания королі III Карлдың таққа отыру рәсіміндегі суреті пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Лондондағы тәж рәсімінен түсірілген суретті Әзербайжан Милли Мәжілісінің төрағасы Сахиба Гафарова Twitter-дегі парақшасында жариялады.
«Лондондағы Вестминстер аббаттығында Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов және Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Сардор Өмірзақовпен Ұлыбритания королінің таққа отыру рәсімі кезінде», деп жазды Гафарова суреттің астына.
Еске сала кетейік, Қазақстаннан Ұлыбритания королі III Карлдың таққа отыру рәсіміне Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. III Чарльз бен королева Камилланың тәж кигізу рәсімі патшайым II Елизавета қайтыс болғаннан кейін сегіз айдан кейін Вестминстер аббаттығында 6 мамырда өтті.
Іс-шараға екі мыңға жуық қонақ қатысты. Бұл II Елизаветаның таққа отыру рәсіміне қатысқандардың төрттен бірі ғана. Бұл тізімге корольдік отбасы мүшелері, шетелдік мемлекет басшылары мен құрметті қонақтар, британдық саяси көшбасшылар кіреді.
Коронация кезінде Чарльз 74 жаста болды. Осылайша ол монарх тағына отырғандардың ең үлкені болды. Король өз антында Ұлыбританияны және өзі Достастықтың 15 елін басқаруға уәде берді (Антигуа мен Барбуда, Гренада, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, Белиз, Ямайка, Сент-Китс пен Невис, Папуа-Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Сент-Люсия және т.б.).
Король Чарльзға арнайы тапсырылған Киелі кітап берілді. Бұдан соң ол ант беріп, оның көшірмелеріне қол қойды. Патша құрбандық үстелінің алдында тізе бүгіп, дауыстап дұға етті.
Еске салайық, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 2022 жылы 8 қыркүйекте 96 жасында Шотландиядағы Балморал сарайында қайтыс болды. Кейін оның ұлы ханзада Чарльз патша болып, III Чарльз деген есімді алды.