Италияның астанасы – Римде теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы «Мастерс» турнирі басталды. Бұл жарыста Қазақстанның төрт ойыншысы бақ сынауда.
Алғашқы болып кортқа Александр Бублик (№46). шықты. Ол испаниялық Педро Мартинес-Портеромен (№142) күш сынасты. Бұл бәсекеде жерлесіміз 6:3, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Енді Бублик америкалық Бен Шелтонмен (№34) шеберлік байқасады. Көп кешікпей Юлия Путинцева (№56) бой көрсетті. Отандасымыз болгариялық Виктория Томовадан (№70) басым түсті. Есеп – 6:7, 7:6, 6:0. Келесі айналымда Путинцева АҚШ-тың аса мықты ойыншысы Кори Гауфпен (№5) кездеседі. Кеше Анна Данилина/Тимей Бабош (Қазақстан/Мажарстан) жұбы Эйжа Мұхаммад/Джулиан Олмосқа (АҚШ/Мексика) қарсы ойнады. Ал еліміздің бірінші және әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина бұл жарысты бірден екінші кезеңнен бастайды. Оның қарсыласы – италиялық Ясмине Паолини (№65).
Римдегі турнирде әйелдер арасындағы жарыстың жүлде қоры 3 572 618 еуроны құраса, ерлер 7 705 780 еуроны сарапқа салады.