Бұл лауазымға бұған дейін Қостанай облысы полиция департаментінің басшысы болған Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды.
Шығыс Қазақстан облысының активіне және Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенант Ержан Саденов таныстырды.