Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 19 жасар Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем чемпионатында қазақтың әнұраны шырқалды. Бірақ әнұран тоқтап қалған жерден жанкүйерлер жаңғыртып, жалғастырып әкетті. Бұл көрініс көпшілікті сүйсінтті.
Жұрт жанкүйерлерге тәнті болып жатыр.