• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Алматы 14 Мамыр, 2023

Сарыбаевтар ұлықталған күн

485 рет
көрсетілді

Биыл көрнекті ғалым, қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған Шамғали Сарыбаевтың туғанына 130 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай Сарыбаевтар әулеті әр жылдарда тұрған Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы, 113-үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Ескерткіш тақта Шамғали Са­ры­баевтың әулетінен шыққан бел­гілі тұлғалар қазақ тілі білімінің шырақшысы, академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаев, қазақ ұлт­­тық музыка аспаптарының зерт­теушіcі, жинақтаушы әрі насихаттаушысы, Қазақ Ұлттық кон­серваториясының профессоры Болат Шамғалиұлы Сарыбаев, қа­зақ музыкасының белді өкілі, таны­мал сазгер және зерттеуші Талғат Болатұлы Сарыбаевтың есі­мін ұлықтауға арналды.

Отандық ғылымның да­муына саналы ғұмырын арнаған ғалым­дарды еске алу іс-шарасы Ұлт­­тық консерваторияда өтіп, ға­лым-педагог Шамғали Сары­баев­тың 130 жылдығына орай түсі­рілген «Ғұлама» деректі филь­мін­ көрсетумен басталды. Ал­қа­лы жиынды жүргізген ака­де­­мик Кәрімбек Құрманәлиев тұл­ға­лар есімін ұрпақ жадында жаң­ғыр­­тудың маңыздылығын атап өтіп, ұлт ру­ханиятының дамуына қос­қан сүбелі еңбек­теріне тоқталды.

Жиын барысында Мемле­кет басшысының құттықтау хатын Президент кеңесшісі Мә­лік Отар­баев оқып, Алматы қала­сы­ның әкімі Ерболат Досаев, академик Мұрат Жұрынов, Құр­манғазы атындағы Ұлттық кон­серваторияның ректоры Арман Жүдебаев, белгілі әртісі Роза Рымбаева, Толқын Забирова сөз сөйлеп, бүгінде көптеген ғылыми-зерттеулерге арқау болып отырған ғалымдардың еңбегін еске алып, әрі қарай насихаттауға байланысты ұсыныстарын ортаға салды.

Е.Досаев соңына баға жетпес құнды мұра қалдырған тұл­ға­лар есімін есте қалдырудың қан­­­шалықты маңызды екенін атап өтсе, Шора Сарыбаевтың ұлы АӨСШК бас хатшысы, дипломат Қайрат Сарыбай «Ұлт болған­нан кейін оның рухани мира­сы бо­луы керек. Ұлт музыкасыз болмайды. Ұлт тілсіз болмайды. Сон­дықтан біздің ең басты миссиямыз, бүгінгі ұрпақтың миссиясы – аталарымыздың, ағаларымыз­­­дың, әкелеріміздің қалдырып кет­­кен ­мирасын бұл­жытпай орындап, ­оны әрі қарай дамытып жұмыс ­ат­­қа­ру» деп әулет тарихы мен ұлт тарихын салыстыра сөз қозғады.

Шамғали Сарыбаев ұзақ жыл­­дар қазақ, қарақалпақ ауыз әде­биеті материалдарын жинақ­тау­мен айналысып, қазақ тілі және оқыту әдістемесіне, педагогика­ға қатысты 100-ге тарта ғылыми ма­қаласы мен оннан астам монографиясын жариялады. Ғалым тілді оқыту әдістемесін жазуды ғана мақсат еткен жоқ, әр та­қырып­ты түсіндіру, оқушыға біл­дірудің ережесін ұсына отырып, тіл­дік тақырыпты толыққанды мең­геруге жол көрсетті. Бүгінде ға­лымның осы еңбектерін жоғары оқу орындары ғана емес, мектеп мұға­лімдерінің де оқыту әдістемесі не­гізінде ұтымды пайдаланып жүр­генін айта кеткен ләзім.

Ұлттық ғылым академиясы­ның академигі, филология ғы­лым­дарының докторы, профес­сор Кәрімбек Құрман­әлиев  әке жолын қуған Шора Шам­ғалиұлы Сарыбаевтың жарты ға­сырдай А.Байтұрсынұлы атын­да­ғы Тіл білімі институтында еңбек еткенін, еліміздің шалғай өңірлерінен тілдік қорымызға мол мұра жинаумен қатар, диалектология, морфология, лексикология, тіл тарихы, аударма, есімнама, тағы да басқа тілдік мәселелерге, сонымен бірге институттың картотекалық қорын молайтуға үлес қосқанын атап өтті.

Қазақ этноаспаптануының не­гізін қалаушы Болат Шамғали­ұлы туралы айтқанда, ғалымның қазақтың көне аспаптарын шебер меңгере білген тұлға ретіндегі еңбектері еске алынды. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының тұңғыш рет толық ғылыми сипаттамасын жасап, терең зерттеп, қайта жаңғырта отырып, дыбысталуы мен тартылу әдіс­терін қалыптастырды. Есімі ал­ғашқы қазақ фольклорлық ансам­бльдердің негізін қалаушы ретін­де де белгілі. Ал консерватория тү­легі, ақын, композитор, музыка­танушы әрі өңдеуші Талғат Болатұлы Сарыбаев әкесі баста­ған жолды жалғастыра отырып, қазақ өнеріне жаңа серпіліс әкелді. Қайта жанданған шаңқобыз, жетіген сияқты аспаптарда ойнап, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңіне жазылған «Наурыз-Думан» әнін Наурыз мейрамының гимніне айналдырды. «Арай», «Жетіген», «Гүлдер» вокалды-аспаптық ан­самбльдерінің құрылуына негіз болды. Оның қаламынан ту­ған «Өткен күндер», «Қоштасу», «Біз бірге боламыз», «Менің досым», «Отандастар», «Сенімен біргемін», тағы да басқа көптеген шығармалары сүйіп тыңдайтын әндерге айналды.

Ғалымдар артында қалған мол мұраны өскелең ұрпаққа насихаттау, әрі қарай зерттеулер өзегіне айналдыру бүгіннің еншісінде. Осы мақсатта ұйымдастырылған жиында аруақтар рухына тағзым жасалды.

 

АЛМАТЫ