• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 17 Мамыр, 2023

Әлем бойынша қандай азық-түліктер арзандады?

459 рет
көрсетілді

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) мәліметтері бойынша, азық-түлік бағасының индексі 2023 жылдың сәуірінде өткен жылға қарағанда 19,7 пайыз төмендеген, бірақ өткен айға қарағанда 0,6 пайыз өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қант бағасының индексі 2011 жылдың қазан айынан бастап ең жоғары деңгейге жетіп, 23 пайыз өсті. Бағаның өсуіне Үндістанда, Қытайда, Таиландта және Еуропалық Одақта құрғақ ауа райының салдарынан қант өндірісінің төмендеуі себеп. 

Ет бағасының индексі 6,1 пайыз төмендеді. Бұл Азия елдерінің импорттық сатып алуларының артуы аясында шошқа еті мен құс етінің қымбаттауына, сондай-ақ негізгі экспорттаушы елдерден жеткізілімдердің шектеулі болуына байланысты болды. 

Астық бағасының индексі 19,8 пайыз төмендеді. Австралия мен Ресейдің үлкен экспорттық ұсынысының арқасында бидайдың әлемдік бағасы арзандады. 

Жүгері бағасы Бразилияда жалғасып жатқан егін жинау науқаны жағдайында Оңтүстік Америка елдерінің ұсынысының өсуіне байланысты өткен айға қарағанда 3,2 пайыз төмендеді. 

Өсімдік майларының баға индексі 45,3 пайыз, ал сүт өнімдері 15,1 пайыз төмендеді. Бұл құрғақ сүтке деген әлемдік сұраныстың төмендігі және Батыс Еуропадан ірімшік жеткізілімінің артуы нәтижесінде болып отыр. 

ФАО-ның жаңартылған бағалауына сәйкес, 2023 жылы жаһандық өндіріс көлемі 785 млн тоннаны құрайды, бұл тарихтағы екінші өндіріс рекорды болуы мүмкін және бұл дақылдар мен басқа да өнімдерге бағаның одан әрі төмендеуіне ықпал етеді.