• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2023

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйға тартылды

967 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, алтыннан алқа таққан чемпион Санжар Тәшкенбайға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Beles» құрылыс компаниясының директоры Махат Төреәлі халық сүйіспеншілігіне бөленген Санжар Тәшкенбайға пәтер сыйлады.

Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Махат Төреәлі әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай бауырымызға @beles.holding компаниясы атынан пәтер сыйлады. Атымтай жомарт Махат Төреәлі осы жолы ерледі», деп жазды ол.