• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2014

Ресми шараларға қатысты

288 рет
көрсетілді

Франция басшылығының шақыруы бойынша Мемлекет басшысының арнайы өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков Францияның Ұлттық мейрамына арналған ресми шараларға қатысты. Бұл жылғы мереке Бірінші дүниежүзілік соғыстың 100 жыл­дығымен тұспа-тұс келді. Елисей алаңында өткен дәстүрлі әскери шеруге алғаш рет XX ғасырдың басындағы жанжалға қатысы бар барлық елдің өкілдері жиналды. Салтанатты рәсімге 80 елдің делегациялары шақырылды. Мерекелік шара барысында Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Франция Президенті Франсуа Ол­ландқа екі ел арасындағы страте­гиялық серіктестік сипатының маңыздылығы мен осы қатынасты одан әрі нығайтуға сенімділік білдіру баса айтылған құттықтау хаты табысталды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.