• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 17 Мамыр, 2023

Зияткер үйелмен

262 рет
көрсетілді

Халықаралық отбасы күніне орай Сыр өңірінде түр­лі­ ба­ғыт­тағы 25 іс-шара өткізілді. Дәл осы күні «Ме­­рей­лі отбасы» республикалық байқауының I ке­­зе­­­ңі­не құ­жат­ қабылдау басталды. Жалпы, осы байқау ұйым­дас­­ты­­ры­ла бас­тағаннан бері оған өңірден 1900-ге жуық үйелмен, яғни отбасы қаты­сы­п­ты.

Атаулы күнге орай журналистермен жүздескен облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов өңірдегі отбасы институтын нығайту, құндылығын дәріптеу қадамдары жайлы айтып өтті.

«Осы жылы қалада кәсіп­кер­лер кө­мегімен салынып жатқан 1,5 млрд тең­гелік «Анаға тағзым» орталығы ашы­лады. Шаңырақ бірлігін биік ұс­тап, отбасылық тәлім-тәрбиенің ма­ңызын насихаттайтын орталықта түр­лі клубтар жұмыс жасамақ. Осы жы­лы облыс әкімінің бастамасымен ар­найы қабылданған «Сыр жастары» бағ­дар­ла­ма­сы аясында алғаш рет 100-ден астам жас отбасына жеңілдетілген ипотекалық несие беру үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд, «Отбасы банкі» арқылы 500 млн, барлығы 1,7 млрд теңге қаражат бөлінді», деді Шахмардан Асқарұлы.

Атаулы күнге арналған шаралардың бірі облыстық қоғамдық даму бас­қар­масының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығында өткен «Зияткер отбасы» отбасылық интеллектуалды сайысы өтті. Сайыста облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов қатысушыларды мерекемен құттықтап, лебізін білдірді.

Сайысты аймақтағы кітап­құмар жастардың басын қосқан клуб жетекшісі Талғат Меңдібаев жүргізіп, бес кезең бойынша жеті отбасы білім-біліктерін көрсетті.

Зияткерлер байқауында үздік ойын өрнегін көрсеткен Бай­ұлов­тар отбасы қазылар ше­ші­мімен бірінші орынға көтерілді. Екінші орын Оспа­нов­тарға бұйырса, үшінші орынды­ Байжігітовтер шаңырағы ие­ленді.

Өзге қатысушылар «Көңілді отбасы», «Шығармашыл от­­ба­сы», «Креативті отбасы» және «Дарынды отбасы» аталымдарын иеленіп, оларға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

 

Қызылорда