• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Мамыр, 2023

Қазақстанның екі азаматы Тайланд ауруханасында жатыр

393 рет
көрсетілді

Тайландта жылдам жүретін қайық Пхукет жағалауындағы мұнараға соғылды. Алдын ала ақпарат бойынша, қайық бортында Қазақстанның төрт азаматы болған, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстанның Тайландтағы консулы хабарлады. «Қазақстаннан барған туристердің үшеуіне медициналық көмек қажет болды. Екі жерлесіміз ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты, денсаулықтарына еш қауіп төніп тұрған жоқ», делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Барлық медициналық шығындарды кеменің иесі көтерді.

Айта кетсек, апат кезінде 30-ға жуық шетелдік турист зардап шеккені.