• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Экономика 18 Мамыр, 2023

Елімізде ауызсу мен минералды су қымбаттаған

280 рет
көрсетілді

2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша бір жылда ауызсу 25,8%, ал минералды су 31,4% қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлерде минералды су бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында (66,4%-ға), одан кейін Қызылорда (49,5%-ға) және Батыс Қазақстан (48,1%-ға) облыстарында байқалды.

Бағаның ең аз өсуі  - Ұлытау облысында (8,3%-ға), Шымкентте (11,4%-ға) және Түркістан облысында (18,5%-ға).

Бір жылда ауызсу 25,8 пайызға қымбаттады. Ең көп баға өсімі Ақмола және Абай облыстарында тіркелді: сәйкесінше 43% және 42,6%.

Ауызсу құнының айтарлықтай өсуі Қостанай облысында да байқалды: 31,5%-ға. Бағаның ең аз өсуі Түркістан (10,9%-ға), Батыс Қазақстан (15,1%) және Павлодар (15,2%-ға) облыстарында байқалды.

Алкогольсіз сусындар ішінде газсыз сусындар да қымбаттады: бір жылда 34,7%. Өңірлік тұрғыда Батыс Қазақстан облысында газсыз сусындар бір жылда бірден 85,3%-ға өсті, одан кейін Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында (тиісінше 51,9%-ға және 47,7%-ға) өсті.

Саладағы ең аз баға өсімі Жамбыл (14,5%-ға), Ақтөбе (23,6%-ға), сондай-ақ Павлодар және Маңғыстау (әр өңірде 24,6%-ға) облыстарында тіркелді.