• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 19 Мамыр, 2023

Мұғалім мен директор арасындағы түсініспеушілікті тоқтату керек - Оқу-ағарту министрі

628 рет
көрсетілді

Биылдан бастап мұғалімдермен соттасатын мектеп басшылары мектепте істемеуі керек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Талдықорғанда ағарту саласының мамандарымен өткен жиын барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мектептерде қудалау мәселесі болмауы керек. Биылдан бастап мұғалімдермен соттасатын мектеп басшылары мектепте істемеуі керек. Ұнамаса, ондай мұғалімдерді жұмысқа қабылдамау керек. Ал қабылдадыңыз ба, тәрбиелеңіз. Бүкіл ұжыммен ақылдасу керек. Мен де мектеп басшысы болған адаммын. «Ұжымда жаман мұғалімдер бар» деп маған да айтқан. Сол мұғалімдермен бір-бірімізді тәрбиелей отырып, үлкен дәрежеге жеттік. Меніңше, мұғалімнің жаманы жоқ. Тек оның еңбегін көрсете алатын директорлар жоқ деген ойға келемін. Сондықтан мұндай келеңсіздікке ел аумағында жол бермеуіміз керек. Биылдан бастап мұғалім мен директор арасындағы түсініспеушілікті тоқтату керек», деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.