Жаз - демалыс маусымы. Осы уақытта шет елдерге барып демалу жоспарыңызда болса, қалтаңыздан қай елге қанша шығын кетінін алдын ала білген дұрыс.
Freedom Life базасының мәліметтеріне сәйкес, көктем кезінде демалысқа баратын Қазақстан туристері сақтандыруды Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Тайланд елдеріне жиірек ресімдейді екен. ӨСК мамандарының болжаулары бойынша, 2023 жылдың жазында, сақтандырушылар саны Грузия, Әзербайжан, Черногория, Италия, Греция бағыттары бойынша көбейеді.
БАӘ (Дубай, Шарджа)
Таңғы ас қоса есептелетін 3 немесе 4 жұлдызды қонақүйде 7 күн тұрақтау, орташа есеппен бір адамға 165 мың теңгені құрайды. Турдың арзан болғанымен, жергілікті кафе мен мейрамханаларда тамақтану, такси жалдау және ойын-сауық шығындары бұдан екі есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Түркия (Кемер, Аланья)
Осы маусымда Қазақстан туристері үшін ең арзан бағыт - Түркия. Бәрі қамтылған бес жұлдызды қонақүйде бір апта демалу орташа есеппен 270 мың теңге, Ал 3-4 жұлдызды қонақүйде тұру – 168 мың теңге.
Вьетнам (Нячанг)
Бұл бағыттың бағалары бір жыл ішінде едәуір арзандады. 2022 жылдың көктемінде Вьетнамға бару бір адамға 700 мың теңге болса, қазір таңғы асы қоса есептелетін 3-4 жұлдызды қонақүйде бір апта тұру 200 мың теңге көлемінде болады.
Египет (Шарм-эль-Шейх)
3-4 жұлдызды қонақүй жалдасаңыз, бір аптада қалтаңыздан 207 мың теңге кетеді. Турлардың көбінде таңғы ас пен кешкі ас қамтылған.
Әзербайжан (Баку)
Өткен жылмен салыстырғанда турлардың құны өзгере қойған жоқ. Осы жазда, 3-4 жұлдызды қонақүйде 7 күнге тұрақтау, орташа бағамен, бір адамға 258 мың теңгені құрайды. Барлық турларда таңғы ас бар.
Грузия (Кобулети, Батуми)
3 жұлдызды қойнақүйде 7 күн тұрудың орташа бағасы – бір адамға, 278 мың теңге. Кейбір қонақүйлерде таңғы ас қамтылған, бірақ, көбінде жоқ.
Таиланд (Пхукет)
Бұл жақта төрт жұлдызды қонақүйде 317 мың теңгеге бір апта бойы демалуға болады.
О. Шри-Ланка
Осы жылы 3-4 жұлдызды қонақүйде бір апта демалудың орташа құны бір адамға 404 мың теңге шамасында болады.
Мальдив аралдары
Өткен жылы аралдарға саяхаттау қымбат саяхат болған. Орташа есеппен бір адамға 1,1 млн теңге кеткен. Алайда, 2023 жылдың көктемінде бағалар арзандай бастады. Қазір бұл аралда бір 524 мың теңгеге демалуға болады.
Доминикана
Биылғы жылдың ең қымбат туры. Турдың орташа құны - 1,6 млн теңге.