• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2023

Astana half 2023 марафонына екі мың желаяқ қатысады

422 рет
көрсетілді

Елордада 21 мамыр күні Astana half 2023 жартылай марафоны өтеді. Желаяқтар 21,1 км және 5 км қашықтықты еңсеруі керек, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жартылай марафонды Астана әкімдігінің қолдауымен Халықаралық Astana Marathon негізін қалаушылар ұйымдастырады.

Astana half 2023 жартылай марафоны – қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтықт ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық.

Бүгінгі таңда жартылай марафонға Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Ресей, Украина және Қазақстан елдерінің 30-дан астам қаласынан 16 жастан 75 жасқа дейінгі екі мыңға жуық қатысушы тіркелген.