Тұрғындардан тіркелмеген қару мен оқ жарақтарын қабылдау бойынша республикалық акция Жамбыл облысында жалғасын табуда.
Тараздың 28 жасар тұрғыны полицияға өз үйінің гаражындағы ескі заттар арасынан, шамасы қолдан жасалынған әскери гранаталар болуы мүмкін, тұтандырғыштары бөлек жатқан 6 граната тауып алғанын хабарлаған. Сөйтіп, гаражын ретке келтіремін деп шешкен жас жігіт бүтіндей әскери арсенал салынған қапшыққа тап болыпты. Осыдан бірнеше жыл бұрын әкесінің қайтыс болған досының өтініші бойынша осы қапшық басқа да заттармен бірге гаражға әкелінген екен. Оның арасында жарылғыш заттардың болуы туралы жас жігіт ешбір күдіктеніп те көрмепті, ал қазір болған оқиға жөнінде бірден полицияға хабарлаған.
Төтенше оқиға орнына ҰҚҚБ қызметкерлері, ІІД «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлініс, Тараз қаласы ІІБ 3-ПБ криминалистері мен анықтаушылары шұғыл ретте жетті. Табылған «олжа» РГД-5 әскери гранаталары деген алдын ала болжам айтылды.
Айта кетейік, қару мен ату жарақтарын өз еркімен өткізген тұлғалар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Сәбит МАМЫТБЕКОВ,
Тараз қаласы ІІБ 3-ПБ бастығы,
полиция полковнигі.