• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Мамыр, 2023

ЖОО бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізу жоспарланып отыр

627 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының бағдарламасына «Кәсіби қазақ тілі» пәнін енгізуді жоспарлап отыр. Ол білім алу тіліне қарамастан, студенттердің бәріне ортақ міндетті пән болады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салайық, Amanat, Ақ жол партияларының және бір мандатты округтен сайланған бірқатар депутаттар Мәжіліс мінберінде мемлекеттік тіл мәселесін көтеріп, терминологияны біріздендіру қажеттігін айтқан еді.

Соған орай, Алтай Көлгіновтің жауабынан Ғылым және жоғары білім министрлігі міндетті сипаттағы нормативтік терминологиялық сөздіктерді шығару мәселесін пысықтап жатқаны белгілі болды.

Бұл сөздіктер жоспар бойынша 2026-2027 жылдары дайын болмақ. Олар аталған министрлік жанындағы республикалық терминология комиссиясы бекіткен терминдер негізінде әзірленеді.