• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Мамыр, 2023

Спортпен қоштасады

307 рет
көрсетілді

Ұлыбритания құрамасы мен «Астана» клубының ең белді велошабандозы Марк Кавендиш осы маусым аяқ­талғаннан кейін үлкен спортпен қош­тасатынын мәлімдеді.

21 мамырда 38 жасқа толған Марктің жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толы. Ол спринтте өте мықты. Кезінде бәсекенің осы түрінде ұлыбританиялық саңлақпен те­ңесе алатындар кемде-кем еді. 2005, 2008 және 2016 жылдары Кавендиш тректегі мэдисоннан үш дүркін әлем чемпионы атанып, тас жолда бір алтын мен бір күміс медаль олжалады. 2016 жылы Рио Олимпиадасында тек италиялық Элиа Вивианиден ғана қалып қойып, екінші орынды иеленді. Түрлі жарыс­тарда Ұлыбританияның велошабандозы 161 мәрте жеңіс тойын тойлады. Ең әйгілі «Тур де Франс» көпкүндігінің 34 кезеңінде топ жарды. Осы көрсеткіш жа­ғынан ол өткен ғасырдың 60-70-жылдары атой салған Бельгияның бет­кеұстары Эдди Меркс­пен теңесті. Қазіргі кезде рекордтық көрсеткіш дәл осы екі спорт­шыға тиесілі. Сондай-ақ Марк «Джиро д’Италияның» 16, «Вуэльтаның» үш кезеңінде ал­дына жан салмады.

Әр жылдары АҚШ-тың «T-Mobile-Team», Ұлыбританияның «Sky Procycling», Бель­гияның «Quick-Step Alpha Vinyl», ОАР-дың «Qhubeka Assos» және Бахрейннің «Bahrain Victorious» клубтары сапында өнер көрсеткен Марк Кавендиш биыл «Астананың» жейдесін киген еді.