• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Бокс 24 Мамыр, 2023

Бокс бәсекелері аяқталды

271 рет
көрсетілді

Петропавл қаласында мамырдың 16-21 күндері қыздар арасында бокстан VI жазғы республикалық спартакиада аяқталды. Өте тартысты өткен жарысқа еліміздің барлық өңірінен 17 команда қатысып, 12 салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар анықталды.

Командалық есеп бойынша астаналық қыздар бәрінен басым түсіп, төрт алтынмен бірінші орын алды. Атап айтсақ, Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Валентина Халь­зова (75 кг) мен Ләззат Күн­гейбаева (+81 кг) чемпион болды.

Үш алтын медальді алматы­лық қыздар еншілеп, коман­далық есепте екінші орынға жайғасты. Алтын алған алматы­лық қыздар – Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг) және Жазира Жазықбаева (52 кг). Қысқасы, барлық жеңіл салмақтарда алматылық қыздар ешкімге дес бермеді.

Командалық есеп бойынша екі алтын алған Шымкент қаласының командасы үшінші орынға тұрақтады. Бұлардың арасынан Жайна Шекербаева (54 кг) мен Мәдина Нұршаева (70 кг) чемпион атанды.

Сондай-ақ Ақмола облы­сының өкілі Карина Ибра­ги­мова (57 кг) мен солтүс­тік­қазақ­стандық Наталья Бог­данова (66 кг) чемпион болды.

 

ПЕТРОПАВЛ