Қазақстандық шахматшы Бибісара Ассаубаева Кипр Гран-приінің төртінші кезеңінде ақ фигуралармен тағы бір қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева осы жарыстың сегізінші турында грузин шахматшысы Белла Хотенашвилиді жеңді. Бұл жеңістен кейін қазақстандық ойыншы 4 ұпай жинап, турнир кестесіндегі орнын сәл де болса жақсартты.
Бибісара Грузия өкілі Нана Дзагнидземен 7-8-орындарды бөлісіп тұр. Никосия әйелдер Гран-приінің финалдық кезеңіне барлығы 12 шахматшы қатысады, олар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойнайды.
Бүгін Бибісара Асаубаева поляк спортшысы Оливия Киолбасамен кездеседі.