• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Шілде, 2014

Жалған дәрілерден сақтаныңыз

758 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 шілде. Жалған дәрілердің пайда болуының белгілі қауіптері бар. Ол ең алдымен әлемдік жалған дәрілер айналысының артуымен байланысты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Министрліктің хабарлауынша, келіп түскен арыз-шағымдар бойынша белгілі халықаралық брендтердің жалған түрінің 90-нан аса фактісінің анықталғанын айтуға болады.  Мысалы, соның ішінде «Фарингосепт», «Но-шпа», «Эссенциале», «Н форте», «Виагра», «Мезим форте», Сумамед» және басқа да дәрілер жиі кездеседі. ҚР Кодексінде 2006 жылдан бастап жалған медициналық өнімдерді өндіргені, сатып алғаны, сақтағаны және өткізгені, сондай-ақ жарнамалағаны үшін әкімшілік жауапкершілік айқындалған. Ал, 2013 жылғы тамыз айынан бастап жалған медициналық өнімді анықтау кезінде алдағы жүргізілетін тексеру туралы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне хабарлама жіберу қажеттілігі алынып тасталды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. Айгүл Сейілова. Фото: www.google.com Дереккөз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.