27 мамыр күні екі бала Ырғыз өзеніне батып кеткен. Біріншісінің мәйіті сол күні, ал екіншісі 28 мамырда түнде табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 мамырда сағат 01:25-те 12 жастағы жасөспірімнің мәйіті бес метр тереңдіктен табылған.
Құтқарушыларға 27 мамыр күні сағат 16:45-те Құрылыс ауылынан бұзау іздеуге шығып, оралмаған 6-сынып оқушыларының жоғалып кеткені туралы хабар түскен.
Біріншісінің мәйіті сол күні сағат 18:30-да табылды.