• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Денсаулық 29 Мамыр, 2023

Балқашта жаңа емхана салынды

157 рет
көрсетілді

№ 2 емханаға бекітілген Балқаш тұрғындары енді жаңа заманауи ғимаратта медициналық көмек ала алады, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық мекеме МЖӘ бойынша салынған. Аурухана 19 мыңнан астам пациентке қызмет көрсетуге қауқарлы. Сондай-ақ мұнда әрең жүретін науқастар үшін барлық жағдай жасалған.

«Біздің емхана 1978 жылы салынған ғимаратта болған. Оған ешқашан күрделі жөндеу жасалмаған еді. Біз өз жұмысымызды отбасылық-дәрігерлік амбулатория ретінде бастадық, 2000 жылы емханаға айналдырдық», дейді № 2 емхананың директоры Айнагүл Күлембаева.

Енді пациенттер медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтерінің барлық тізбесін, арнайы мамандардың консультациясын ала алады. Анализдер тапсырып, күндізгі стационарда емделуге болады, сондай-ақ оңалту көмегі мен физиотерапия алуға мүмкіндік бар.

Емхананың жанындағы жедел жәрдем, әлеуметтік дәріхананың, пациенттерді қолдау қызметінің жұмысы жолға қойылған.

Емхананың жаңа ғимаратында диагностикалық қызметтер де көзделген. Ультрадыбыстық зерттеулердің толық спектрі, эндоскопиялық зерттеулер - эзофагогастродуоденоскопия, кольпоскопия бар. Жеке үй-жайда рентген аппараты орнатылған, сондай-ақ пациенттер тредмил-тест пен велоэргометрді қолдана отырып жүктеме сынамаларын тапсыра алады, электрокардиографиядан, ЭКГ холтер мониторингінен, қан қысымының тәуліктік мониторингінен, аудиометриядан өте алады.

Айта кетейік жаңа ауруханада мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған.