«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Ауа райы болжамы бойынша тек солтүстік-батыста, республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Республика бойынша жел күшейіп, батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Атыраудың басым бөлігінде, Маңғыстаудың оңтүстігінде, Ақтөбеде, Қостанайдың орталығында, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болады.
«Қостанайдың басым бөлігінде, Қызылордада, Павлодардың орталығында, Атыраудың шығысында, Қарағандыда, Ұлытау орталығында, Ақтөбенің оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», делінген мамандардың болжамында.Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан - 9-14, күндіз екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +29+31°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +25+27°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан соғатын желдің күші - 8-13, күндіз екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +31+33°С.