• RUB:
    5
  • USD:
    497.89
  • EUR:
    525.12
Басты сайтқа өту
Еңбек 29 Мамыр, 2023

Құрылысшыларға қамқорлық қажет

341 рет
көрсетілді

Қазақстан Құрылысшылар одағы төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиев облыстағы құрылыс саласының өкілдерімен кездесті. Мұнда қордаланып қалған мәселелер ортаға салынды.

Құрылысқа қатысу аймақ­та соншалықты тиімді болып отырған жоқ. Өйткені негізі­нен бюджеттік қаражатты тендер арқылы ұтып алу жолымен жүр­гізілетін жұмыс қаржы­­лық қиыншылыққа тап болады. Жұ­мыскерлердің жалақысын төлеу, материалдар сатып алуда мәселелер туындайды. Бұл са­паға да салқынын тигізеді. Тек тұрғын үй құрылысына ғана емес, республикалық және жер­гі­лікті жолдарды жөндеу барысында да байқалатын мұндай мәселені шешу керек.

Тығырықтан шығудың ­бір жолы ретінде Т.Ерғалиев ­баламалы бағдарлама ретін­де өңір­лерге арнайы 2% ипо­текалық бағдарламаны іске қосу қажет­тігіне тоқталды.

– Мұндай бағдарлама өңір­ге жаңа тұрғындарды тартуға және жаңа облыстың құрылыс саласын жандандыруға мүм­кін­дік береді, – деді ол. Жиын барысында Қазақстан Құрылысшылар ода­ғы Ұлытау облыстық филиалы­ның директоры болып Думан Жаманов сайланды.

 

Ұлытау облысы