Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметіне испандық тәлімгер Марлон Веласко Херас тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
37 жастағы Марлон Веласко бұған дейін Испания чемпионатының Жоғарғы лигасының командасы «Ноя Портус Апостоли» клубын басқарды. Ол жақында Премьер-лиганың плей-офф кезеңінде «Пальма-футзалдан» жеңіліп қалған еді.
Веласко «Ноа Портус Апостоли» командасын жаттықтырып, үлкен жетістікке жеткен еді. Марлон Веласко Херастың бапкерлігінде бұл команда Испанияның екінші дивизионының чемпионы болды. Біраз уақыттан кейін оның командасы бірінші дивизионның үздік клубы ретінде танылды. Бұл оларға Испания Премьер-лигасына көтерілуге мүмкіндік берді.
«Қайраттың» испандық жаттықтырушымен келісімшарты тағы бір жылға ұзартылды.