• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2023

Қазақстанда ішімдік пен есірткіге тәуелді 156 бала есепте тұр

224 рет
көрсетілді

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қоғамда есірткімен күресу шараларын өткізу өте маңызды, мұндағы мәселе өскелең ұрпаққа қатысты болып отыр. Қазіргі уақытта ел бойынша 156 бала есепте тұр. Оның ішінде 82 бала ішімдікке және 72 бала ескірткіге тәуелді. Біздегі мәліметке сәйкес, синтетикалық ескірткіге құмарлық 20-34 жастағы азаматтар арасында жиі кездеседі. Бұл проблемамен күресу мақсатында біздің министрлік екі бағытта жұмыс істеп жатыр. Алдымен есірткіге тәуелді жандарды емдеу, екіншіден түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізіп, салауатты өмір салтын насихаттау», деді Вячеслав Дудник орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Бұл ретте вице-министр мәселенің алдын алу үшін профилактикалық шаралады өткізудің маңыздылығына назар аударды. Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, есірткіге қарсы күреске арналған кешенді жоспар әзірледі. 

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда есірткімен күрес жұмыстары төңірегінде 11 іс-шара ұйымдастыруға жауапты.