• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2023

Боччадан ел чемпионаты

266 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының прези­денті Мәулен Әшімбаев пара­лимпиадалық боччадан рес­публика чемпионатының ашылу салтанатына қатыс­ты. Халықаралық балалар­ды қорғау күніне орай ұйымдас­тырылған сайысқа еліміздің өңірлерінен мүгедектігі бар 50-ге жуық спортшы келді.

Мәулен Әшімбаев Федерация­ның жүйелі жұмысының нәтиже­сінде қысқа мерзімнің ішінде еліміздің ірі қалаларында үйірме-филиалдар ашылғанын айтты.

Сондай-ақ Сенат төрағасы тур­нирге қатысушылар елімізде бұқаралық спортты дамытуға үлкен үлес қосып отырғанын және бұл бағыт Мемлекет басшысының басты назарында екенін атап өтті. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау және әр адам өзін жайлы сезінетін кедергісіз орта құру бағытындағы кешенді жұмыс – ел Президенті­нің бастамасымен қолға алынған реформалардың күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі.

«Қазіргі таңда елімізде инклю­зивті, кедергісіз орта құру үшін барлық жағдай жасалуда. Осы жолда берік институционалды негіз қалыптасып жатыр. Бұл сала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үнемі басты назарында. Президентіміздің тапсырмасы бойынша осы бағытта ауқымды жұмыс атқарылып келе­ді. Соның аясында балалар мен ересектердің сапалы білім мен меди­циналық қызмет алуына және спортпен шұғылдануына тиісті жағдай жасалып жатыр. Осы орайда инклюзивті спорт түрлерін дамыту тең мүмкіндіктер қоғамын құруға салмақты үлесін қосады деп сенемін», деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Палата спикері бочча еліміз үшін жаңа әрі қарқын­ды дамып келе жатқан спорт түрі екеніне назар аударды. Соған қарамастан, Қазақстан бочча федерациясы екі жылдың ішінде белгілі бір жетістікке қол жеткізді.

«Биыл біз ресми түрде Халық­аралық федерацияның мүше­сі болдық. Бұл біздің спорт­шы­ларымыздың ірі халықаралық сайыстарға қатысуына жол ашады. Алдымызда Паралимпиадалық ойындарға қатысу сияқты нақ­ты мақсат-міндеттер тұр. Қазір­дің өзінде елімізде боччадан ұл­ттық құрама жасақталды. Осы чем­пионаттың қорытындысы бойынша бас командамыз жаңа спортшылармен толығады. Осындай креативті және тату командамен бірге бол­ғаным үшін қуаныштымын. Алдағы уақытта да елімізде инклюзивті спорт түрлерін дамыту жолында бәрі­міз бірлесіп, нәтижелі жұмыс істей­міз деп сенемін», деді Мәулен Әшім­баев. Сондай-ақ ол Сенат төр­ағасы спортшыларға қолдау көр­сетуді жалғастыра беретінін айтты.

Жалпы, боччадан ел чемпионатына мүгедектігі бар 400-ден аса бала мен ересек жиналды. Олардың 47-сі турнирге қатысып, бақ сынайды. Сайысқа арнайы келген меймандардың қатарында инклюзия мен бейімді спортқа қолдау көрсетіп келе жатқан белгілі қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтар бар. Біріншілік жеңімпаздары ұлттық құрамаға қабылданып, челлендж, Паралимпиада, Азия Паралимпиадалық ойындары сияқ­ты халықаралық додаларда ел намысын қорғайды.

Естеріңізге сала кетейік, бочча – доппен ойнайтын спорт түрі. Оған тірек-қимыл аппараты бұзылған жандар қатысады. Аталған сайыс 1984 жылы Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына енгізілген. Биыл наурыз айында Қазақстан бочча федерациясы «Boccia International Sports Federation» (BISFed) – Халықаралық бочча федерациясының мүшесі болды.