• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Маусым, 2023

Венгрияда мұғалімдер шеруге шықты

232 рет
көрсетілді

Венгрияда мыңдаған адам шеруге шықты. Ұстаздар мен оқушылар үкіметтің мұғалімдерден мемлекеттік қызметкер мәртебесін алып тастау шешіміне наразы болап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап. 

Наразылық акциясына шыққан адамдар полицияның жасөспірімдерге көзді жасаурататын газ қолдануына да қарсылық білдірген.

Мұғалімдер мен олардың шәкірттері Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанына жиналып, «білім берудің құлдырауы қоғамның күйреуімен тең» деп ұрандатты.

Венгрия үкіметінің мәлімдеуінше, ұстаздарға қатысты заң жобасы білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

Ал осы құжат қабылданса, 5 мыңға тарта мұғалім жұмыстан кететінін айтты.