• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Руханият 04 Маусым, 2023

Қазақстан делегациясы Сұлтан Бейбарыс мешітінің ашылуына қатысты

369 рет
көрсетілді

Каирде Сұлтан Бейбарыс мешітінің ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан делегациясы да қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мысырда «Сұлтан Аз-Заһир Бейбарыс» мешітінің ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара даңқты билеушінің 800 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты жиын барысында Палата Спикерімен бірге Әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайеб, дін өкілдері сондай-ақ Қазақстан мен Мысырдың мемлекет және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі.

Қазақстан өкілдері құрамында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де болды. 

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Сұлтан Бейбарыстың есімі жаһан тарихына дана әрі әділ билеуші, ұлы қолбасшы ретінде алтын әріппен жазылғанын атап өтті. Сондай-ақ ол Бейбарыстың 800 жылдығы қазақ халқы мен мысырлықтар үшін мәні терең, маңызы зор оқиға екенін тілге тиек етті.