Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Күн тәртібінде көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, сондай-ақ су қоймаларындағы қауіпсіздік мәселелері қаралады.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көруге болады. Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.